03.10.2018, 09:38

Алматыда ер адам джип көлігі мен троллейбустың ортасында қысылып қалды (ВИДЕО)

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалды деп жазады  inAlmaty.kz.

Instagram әлеуметтік желісінің kris_p_brothers парақшасында Төле би мен Сейфуллина көшелерінің қиылысында ер адамға медициналық жедел-жәрдем көлігінің көмек көрсеткен сәтіндегі видеосы жарияланған.

Джип көлігі троллейбусқа соғылып, екі көліктің ортасында ер адам қысылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, ақ көліктің жүргізушісі жолда жылдамдықты асыра қолданған.