Маңғыстау облысында парадан бас тартқан мемлекеттік қызметшіге 100 мың теңгеге жуық көлемде сыйақы берілді деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының жетекші маманы П. Қылышбай 5 мың теңге пара алудан бас тартқан. Әрі деректі ведомствоның Ішкі қауіпсіздік басқармасына уақытында хабарлаған. Осы әрекеті үшін оған ақшалай ынталандыру сыйақасы белгіленді.
«П.Қылышбай 40 АЕК (96 200 теңге) мөлшерінде бір жолғы ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды ынталандыру қағидаларына сәйкес жасалған», - делінген хабарламада.
Пара ұсынған адамға «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 20 АЕК мөлшерінде
Дереккөз: ҚазАқпарат