Астанада 34 жастағы ер адамнан менингокок ауруы анықталды деп жазады Sputniknews.kz.
Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілердің мәліметінше, ер адам жұмыс барысымен Жезқазғанға кеткен. Ол 29 қазанда өзін жайсыз сезінеді. 1 қазанда әріптестерімен қайтадан Астанаға келген Өскемен тұрғыны Сәдуақас Байғабұлов кешкі сағат 20.00-де жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде түскен. Науқастан менингокок инфекция талшығы 4 қазанда анықталды.
«Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Екі баласы және төрт адаммен байланысқа түскен. Қазір науқастың жағдайы дұрысталды», – деді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.
Ер адамның жақындарынан ауру белгілері шықпады.