$ 494.87  520.65  4.91

Оралда мектепте газдан уланған бірнеше оқушыны жедел жәрдем алып кетті

Оралдағы №40 мектепте газдың иісінен бірнеше оқушы жедел жәрдемге жүгінді деп жазады ҚазАқпарат.

Мектеп директоры Мақсот Ғалиевтің айтуынша, оқиға сағат 11.05-11.25 аралығындағы үлкен үзіліс кезінде болған.

Ғимараттың үшінші қабатынан газдың иісі шығып, оқиға орнына ішкі істер, ТЖ қызметкерлері, жедел жәрдем шақырылды.

Мектептен бірінші ауысымда оқитын балалар мен мұғалімдер, шамамен 300-дей адам шығарылды.

«Жедел жәрдем алып кеткен үш оқушының қасында мұғалімі бар. Олардан талдау сынамалары алынып, тиісті қызмет көрсетілуде», - деді М.Ғалиев.

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова қазіргі кезде жағдайдың қалыпқа түскенін, екінші ауысымдағы оқушылардың білім алып жатқанын жеткізді. Оқыс оқиғаның неден болғанын полиция анықтайтын болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемге жүгінгендерге қатысты нақты ақпараттың кейін берілетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары