Жаңалықтар 04.10.2018 сағат 11:47  714

Ақтөбеде тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Ақтөбе орталығында тоғыз қабатты үйде өрт шықты деп жазады Tengrinews.kz. Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде суреттер мен видеолар жариялап жатыр.

Ақтөбеде тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Видеода өрттің бірнеше қабатқа көшкенін байқауға болады.  

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Әбілхайыр хан даңғылының бойында орналасқан үйдің үшінші қабатында шыққан. 

«Үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконында өрт шықты. Өрт туралы хабар Астана уақыты бойынша 16:03-түсті. Оқиға орнына тоғыз арнайы техникамен жеке құрамның 37 өрт сөндіруші маманы жұмылдырылды. Олар 16:17-де оқиға орнына жеткен», - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 200 адам эвакуацияланған, үш адам  құтқарылған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар