Жаңалықтар 04.10.2018 сағат 12:21  659

Қызылорда – Жезқазған жолы жөнделетін болды

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Қызылорда - Жезқазған бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары қашан басталатынын айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда – Жезқазған жолы жөнделетін болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда бағытындағы жол туралы айтарым - осы жылы Қарағандыдан бастап Жезқазғанға дейінгі 520 шақырым жол толығымен жөнделді. Сонымен қатар, Қызылорда - Жезқазған бағытындағы жол аумағына 500 млн теңге бөлініп отыр. Келесі жыл бюджетінің жобасында Қызылордадан Жезқазғанға дейінгі жолды қайта қалпына келтіру бағытында жобалық-сметалық құжатты дайындауға қаражат қарастырылған», - деді Амангелді Беков.

Оның айтуынша, Еуропалық және Азиялық Даму банктері Қызылорда - Жезқазған тас жолының жөнделуіне 200 млн теңгеден бөлуге ниет білдірген.

«Аталмыш аралықтағы жолдың ұзақтығы - 400 шақырым. Жоба шамамен 2020 жылы жүзеге асырыла бастайды», - деді ол.

Еске сала кетсек, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков аталмыш брифингте Қазақстанда әрбір 50 шақырым сайын жанармай құю бекеті салынатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, ұлттық стандарттарға сай әрбір 150 шақырым сайын ірілеу сервис нысаны, атап айтқанда адамдар қона алатындай нысандар немесе Техникалық қызмет көрсету орындары тұрғызылмақ.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар