Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды деп жазады Tengrinews.kz.
«Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді», - деді Президент.
Еске сала кетейік, кеше, Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді.
«Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды», - делінген еді хабарламада.