Астанада жылыту маусымы басталды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазірдің өзінде 127 объекті жылуға қосылды. Оның 18-і денсаулық сақтау нысаны, 72-сі балабақша, 16-сы мектеп, 11-і оқу орны және 3-еуі мәдени объекті.
Сондай-ақ, әкімдік жылыту маусымына 332 606 тонна көмірдің дайын тұрғанын атап өтті.