Әрбір бойжеткен үшін бала сүйіп, күйеуге шығу – өмірдегі басты мақсаттардың бірі. Ерте кезеңдердегі қызына ата-ана жұбай таңдаңдап, кіммен құда болатынын шешіп қоятын дәстүрлер түбегейлі жоғалған. Әр ару өз тағдырын өзі таңдай алады. Сезімге беріліп, ғашықтықтың көзсіз соқырлығымен таңдау жасауда қателесіп кететін құрбыларымыз да аз емес. Махаббат – ғажайып сезім, алайда, неке – алдағы тіршілігің мен өміріңнің кепілі деп жазады aikarakoz.kz.
Таңдаған күйеуіңіз әке ретінде де, жұбай ретінде де көңіліңізден шығып, өміріңізді жайнату үшін біздің бірнеше кеңеске назар аударыңыз.
Сізге жүрегі мен қолын ұсынып жүрген жігіт бар делік. Сіздің оған деген сезіміңіз бен қызығушылығыңыз ерекше. Егер болашақта отбасыңыз берік, шаңырағыңыз нық болсын десеңіз, ол жігітті біраз сынақтан өткізіп, жан-жақты байқаңыз. Бір ғана сезіммен ұзаққа бара алмасыңыз анық, отбасында сезіммен қатар өзара түсіністік, құрмет үстемдік етуі қажет.
Сонымен екінші жартыңызды таңдауда есте ұстаңыз:
1. Отбасына назар аударыңыз
Бәріміз де жастайымыздан ата-анамыздың тәрбиесімен қоса, олардың жеке қасиеттерін сіңіріп өсеміз. Көңіліңіз ауған жігітті жақынырақ танығыңыз келсе, оның отбасымен танысыңыз. Оның туыстарының өзара қарым-қатынасына қарап, болашақ отбасыңыздағы арақатынас моделін көре аласыз. Үлкенге құрмет, жаны ашу, әйелді сыйлау сияқты тағы да басқа әдеттер бауырларынан, ата-анасынан көрініп тұрса, сіз таңдаған жігіт – болашақ жұбайыңыз ретінде сай келетін жігіт болады.
2. Әлеуметтік дәрежелеріңізді салыстырыңыз
Ия, қазіргі заманда ақбоз атты да, ханзаданы да, патшалықтың жасауын да алуға болады. Алайда, әлеуметтік дәреже екі жақтан да тең болмаса, арты ажырасумен аяқталу ықтималдығы бар. Әлеуметтік теңсіздік болса, бір тарап екінші тараптан кем түскені іштей ұялады, қысылады. Әңгіме тек материалдық жағдайында ғана емес, рухани байлақ пен діни тұрғысындағы теңсіздік те қатынасты қиындата түседі. Сондықтан әлеуметтік дәрежесі тең жанды іздеңіз.
3. Балаларға көзқарасы
Барлық әйелге ұрпағын өзімен тең дәрежедегі жауапкершілікпен өсіретін еркек керек. Бірақ, оны бала болмай жатып қалай байқауға болады? Бұл турасында тіпті кей жігіттер ойын ашылып та айта алмайды. Алайда, кенже інісіне немесе ағасының бүлдіршініне қарауы, оны ойнатуы кішкентайларға деген жылылығын, балажандығын білдіріп-ақ тұрады. Бұл сынақты жүргізуде бүлдіршіндер табылмай қалса, құрбыңыздың көмегімен балақайлардың шулы мейрамына бірге барып көріңіздер.
4. Генетикалық сәйкестік
Бұл тәсілге астыртын саясатпен кірісу керек :). Жігітіңізбен араңыз тым тығыз болып, бір-біріңізден сыр жасырмайтындай күйге жеткенде сүйіктіңіздің не туыстарының созылмалы ауруы бар ма, өзі жиі ауыра ма (иммунитетін білесіз), спортпен шұғылдана ма сұрап алыңыз. Денінің сап-сау екенін айтып, мақтана қоймаса да, өз денсаулығын күту – жауапкершілігінің молдығын білдіреді.
5. Үй шаруасында икемділігі мен қызығушылығының сәйкестігі
Егер жігітіңізге демалыс кездері жылы үйде, телевизор алдында жатқан ұнайтын болса, сізге арқаңызға сөмке асып, тауға шыққан ұнауы мүмкін. Бұл жағдайда екеуіңіз екі бөлек уақыт өткізуге тура келеді. Жар таңдағанда қызығушылық танытқан істеріңіздің толықтай бірдей болуы шарт емес, бірнеше іске бір пікірде болсаңыздар, жетіп жатыр. Осылай сіздер уақытты бірге көңілді өткізе аласыздар, сонымен қатар басқа достарыңызды да жоғалтпайсыздар. Үй шаруасында қандай екенін сырттай бақылау маңызды. Бір-екі істі тындырып беруді өтініп көріңіз.
6. Сексуалды темперамент
Жыныстық тәжірбиесі мол еркек болса, алған жарына төсек қатынасында керемет күй сыйлай алады. Жеке өмірлерінде бір-бірінсіз күн кеше алмайтын болса, қалған қиындықтардан оңай өтуге болады. Сондықтан, жігітіңіздің жыныстық қатынас тақырыбында көп оқып, көп білгенін, алдын ала дайындық болғанын қалайтыныңызды астыртын жеткізіп көріңіз.
7. Ақша ұстауы
Ер жігіттің ақшаға деген қатынасы оның мінезі туралы көп нәрсе айта алады. Әрине, сүйіктісін қымбат ресторандарға апарып, сыйлағаны жақсы. Алайда, отағасы ретінде ақшаға жауапты және үнемшіл болуы керек. Ақырын ғана байқап көріңіз:
Сауда жасаған соң чектерін сақтай ма (өз-өзіне есеп беруі мүмкін)?Тауар таңдарда бағасын салыстыра ма?Кіріс-шығысқа кететін қаражатын жоспарлап жүре ме?Артық ақша жинай ма?Жақындарына қаражат бөле ме? 8. Өмірге көзқарасы
Толыққанды шешім қабылдамастан бұрын болашақ күйеуіңіздің өмірде не қалайтынын біліп алыңыз. Болашаққа жоспарын сұраңыз, неге қол жеткізсі келеді, тұлға ретінде қай салада қалыптасқысы келеді. Ол үшін отбасын құру қаншалықты маңызды? Оның пікірі мен сіздің пікіріңіз сейкес келіп жатса, бас тоғыстыруға әбден болады. Ал егер керісінше болса, ол жігітті өзі қалаған өмірді сүруіне мүмкіндік беріп, отбасын құруды жоспарламағаныңыз жөн.
9. Достары
«Маған досыңды көрсетші, сенің кім екеніңді айтайын». Ол сізді достарымен таныстырды ма? Жігітіңіздің отбасына байыппен қарағандай, достарына да анықтап назар аударыңыз. Олар кімдер? Өңшең бойдақтар ма әлде үйленгендер ме? Бастары қосылып, немен айналысады? Бір-біріне көмектеседі ме? Достары сізге құрметпен қарайды ма? Әр әрекетінен ой түйіңіз!
10. Өзіңіз
Оның қасында тұрғаныңызда қандай сезімде болатыныңызды біліп алмай, сәтті таңдау жасаймын деп ойламаңыз. Оның жанында өзіңізді қауіпсіз, қуанышты әрі жайлы сезінсеңіз, жігіттің өмірлік жарыңыз болуға мүмкіндігі бар. Осы соңғы тармақта айтылғандар дұрыс болмаса, қалған тоғызын жоққа шығарады.
Жақсы, тәрбиелі, өмірде өз орнын қалыптастырып үлгерген күйеулер жерде шашылып жатпасы анық. Дегенмен, ойша керемет жігіттің портретін жасап алып, сондай жан кездескенше сарғая күтудің қажеті жоқ. Өйткені, кемшілік бәрінде бар, идеалды адам болған емес.
Жоғарыда айтылғандарды есте сақтаңыз, өз-өзіңізге қараңыз, сонда бәрі жақсы болады. әр қыздың өзіне сай күйеуі болады.