Ақтөбеде өртенген көпқабатты үйдегі 1 пәтер түгелімен жанып кетті деп хабарлайды қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.
4 қыркүйек күні болған өрт №69 пәтерден басталған.
«200 адам эвакуацияланды. 47 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. 30 пәтер өртенді. Олардың ішінде 1-еуінің түгі қалмай жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 240 шаршы метр», - деді Қасымов.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйек күні Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Бүгін әкімдік қызыл жалын ішінен тұрғындарыды құтқарған азаматтарды арнайы марапаттады.