$ 489.06  536.21  5.05

Қостанай облысында полицейдің мәйіті табылды

Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Боровской ауылында 6 қазанда таңғы уақытта аудандық полиция қызметкері Айбек Жүнісовтың денесі табылды деп жазады «Тобол-Инфо».

Полицейдің денесі «Колос» кафесі мен аудандық ішкі істер бөлім орталығында табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жақында Айбек Жүнісов өзінің әріптестерімен бірге кафеде қылмыстық тергеу күнін атап өткен. Ол жерде не болғаны жайлы әлі ешкім тіс жарған жоқ. 

Оқиға орнына тергеушілер аттанып, сол күні кафеде және аудан орталығында болған адамдардан оқиғаның мән-жайын сұрастыра бастады. Сөйтсе, қаза тапқан полицейдің кәмелет жасқа толмаған балалары мен әйелі бар екені анықталды. Сондай-ақ, аудандық офицер полицияда ұзақ уақыт қызмет еткені және жергілікті тұрғындар арасында ерекше құрметке ие болғаны белгілі болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер «Наш Костанай» басылымына хабарлағандай, 35 жастағы қаза тапқанның денесінде жарақаттардың жоқтығы анықталған. 

«Алдын ала тексеру бойынша, денесінде қандай да бір жарақат табылған жоқ. Өзімен бірге құжаттары мен ақшасы болмаған. Зорлық өлім белгілері анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот сараптамасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары