Жаңалықтар 07.10.2018 сағат 04:25  385

Зарина Дияс Гонконг турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконг турнирінде бақ сынайды деп жазады ҚазАқпарат.

Зарина Дияс Гонконг турнирінде бақ сынайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жүлде қоры 225 мың АҚШ долларынан асатын аталмыш жарыс 8-14 қыркүйек аралығында болмақ. Қазіргі кезде турнирдің іріктеу сайыстары өтуде. Дүниежүзілік рейтингте 91-інші орында тұрған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 33-інші ракеткасы, австралиялық, тегі ресейлік Дарья Гавриловамен күш сынасады.

Өткен жылы осы турнирде Д.Гаврилова финалға дейін жетіп, онда бұрынғы отандасы Анастасия Павлюченковадан 7:5, 3:6, 6:7 (3:7) есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол биыл да табысты өнер көрсетуге тырысатыны анық.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық қос теннисші Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Бейжің турнирінің іріктеу сайыстарынан өтіп, негізгі жарысына жолдама алғанымен, алғашқы айналымда-ақ қарсыластарына есе жібергенін жазған болатынбыз. Мұнда З.Диясты ұтқан әлемнің 6-ыншы ракеткасы, жапониялық Наоми Осака жартылай финалға дейін жетіп, онда Латвия елінің өкілі Анастасия Севастовадан ұтылып қалды.

Ерлер арасындағы Бейжің турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 84-інші ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеу сайысының жартылай финалында молдовалық Раду Алботтан жеңіліс тапқан еді. М.Кукушкин енді Шанхай турнирінің іріктеу жарысына қатысуда.

Кеше жартылай финалда ол әлемнің 71-інші ракеткасы, испаниялық Фелисиано Лопесті 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Кукушкин бүгін финалда рейтингте 58-інші сатыда тұрған италиялық Маттео Берреттиниді ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.

Жүлде қоры 7 млн АҚШ долларынан асатын Шанхай турнирі 6-14 қазан аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар