$ 443.85  474.3  4.8

Хабиб Нұрмағамедов пен Макгрегордың жекпе-жегінің соңы төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Хабиб Нурмагомедов қарсыласын төртінші раундта жеңгенімен, белдіксіз кетуге мәжбүр болды деп жазады Sputniknews.kz.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегас қаласында өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді. Алайда төрешілер бұл жекпе-жектің ресми жеңімпазын жарияламады.

Нурмагомедов төртінші раундта қарсыласын қылқындырды. Жеңіске жеткеннен кейін ресейлік МакГрегор командасы мүшелерімен төбелесіп кетті.

Ресейлік бұл жекпе-жек үшін екі миллион доллар, ал ирландиялық бір миллион долларға артық алады. Бұдан өзге МакГрегор мен Нурмагомедов ақылы көрсетілімнен түскен ақшаның белгілі бір процентін иеленеді.

Нурмагомедов осы күнге дейін жеңіліс тауып көрмеген. Ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары