08.10.2018, 03:46

Қостанай тұрғынын өз көлігінде буындырып өлтірген

Қостанай тұрғынын өз автокөлігінде буындырып өлтірген деп жазады alau.kz.

22 қыркүйекте Кубеев көшесінде «Форд-Транзит» маркалы автокөлігінен ер адамның мәйіті табылған болатын. Алайда, оқиғаның мән-жайы бүгін ғана белгілі болды.

«Жедел-іздестіру шараларында 29 жастағы бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті ұсталды. Анықталғандай, сөзге келіспей қалған ол жәбірленушіні көліктің ішінде буындырып өлтірген», – деді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.