Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстанға «Алмател Қазақстан» (Алма ТВ) АҚ телекоммуникациялық компаниясының Жомарт Ертаевты қайтарудан бас тартты. Ол елімізде Bank RBK банкінің 80 млн доллар қаржысын жымқырған деп айыпталып отыр. Алайда Ертаевтың ізіне түсу заңсыз екені дәлелденген. Қазір ол Ресейде босқын болып жүр деп жазады NUR.KZ.
Ресейдің Қазақстанға Жомарт Ертаевты бермейтіні туралы оның адвокаттары айтты.
«Біз қолымызға Жомарттың үй қамақтан босатылуы туралы қағазды алған кезде, оны Қазақстанға жібермейтініне көзіміз жетті», - деді адвокат Алексей Петров.
Қорғаушының сөзінше, елге қайтармау туралы шешімді олар босқын екені анықталған соң қабылдаған.
«Ресейдің Жомартты елге қайтармайтынына қуаныштымыз. Себебі, ол отанында сот әділ шешім қабылдайды деп үміттенбеген де еді», - деді адвокат.