Оралдағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте белгісіз химиялық зат тарап, 300 адам дереу сыртқа шығарылды деп жазады Nur.kz.
Аталмыш білім ошағының оқушылары өздерін жайсыз сезініп, көздерінің ашып, жүректерінің айнығанын айтқан.
«№40 жалпы орта білім беретін мектепте белгісіз химиялық заттан улану бойынша полицейлер тексеру жүргізді. Анықталғандай, оқушы мектептің ішіне газ баллонын шашқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді БҚО-ның ІІД баспасөз қызметі.