Интерполдың Лиондағы бас хатшылығына президент Мэн Хунвэйден 7 қазан күні ұйымның отставкаға кету туралы өтініші түсті деп жазады Азаттық.
Интерпол басшысының міндетін вице-президент Ким Чон Ян уақытша атқарады. Жаңа президент Интерпол бас ассамблеясының 18-21 қараша күндері Дубайда өтетін сессиясында сайланады.
Бұған дейін Қытай билігінің қыркүйектің соңында жоғалып кеткен Мэн Хунвэйді ұстағанын растағаны хабарланған. Мэн Хунвэйдің отбасы Интерполдың штаб-пәтері орналасқан Лионда тұрады. Қытай билігінің мәлімдеуінше, Хунвэй «қылмыс жасады» деген күдікке ілінген. Интерпол басшысы 25 қыркүйекте Қытайға ұшып барғанында қамауға алынған.