09.10.2018, 04:16

Ақтаулық дәрігерлер менингококк диагнозымен комаға түскен сарбаздың жағдайын айтты

Менингит диагнозымен ауруханаға түскен сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханасының жалпы жансақтау бөліміне ауыстырылды деп хабарлайды аурухана басшының орынбасары Үміт Ілиясова.

«Сарбаздың жағдайы әлі де ауыр. Әлі есін жиған жоқ. 6 қазан күні жалпы жансақтау бөліміне ауыстырылды», - дейді облыстық аурухана басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні №6656 әсери бөлімінің сарбазы «Менингококк инфекциясымен» Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген болатын.

Дереккөз: Inaktau.kz