Өскеменде жаяу жүргіншілер жолағында микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті деп жазады yk-news.kz.
Оқиға 8 қазан күні Тәуелсіздік даңғылында болған.
Қоғамдық көліктің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 19 жастағы тұрғынды қағып кеткен.
«Дене жарақатын алған қыз бала 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге қатысты алдын ала тергеу басталды», - дейді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.