Ақмола облысы Аршалы ауданында жылу қазандығы жарылып, 6 адам зардап шекті деп жазады abctv.kz.
Жылу қазандығы жарылған кезде үйде 1981 жылғы әйел мен 5 бала болған.
«Түрлі жарақат алған әйел мен балалар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер қарауында болған 6-ауы да кейін үйлеріне қайтарылды», - деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына 6 құтқарушы жеткен. Қазандықтың неге жарылғаны анықталып жатыр.