Ақтөбеде 3 күн бұрын жоғалып кеткен мектеп директоры мен оның досының өлі денесі табылды деп хабарлайды жергілікті ІІД-нің баспасөз қызметі.
«2018 жылдың 9 қазанында Алғын ауданындағы су қоймасынан жедел іздестіру тобы 2 жергілікті тұрғынның өлі денесін шығарды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қайтыс болғандар - 31 және 30 жаста. Біреуі мектеп директоры болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін мектеп директорының жоғалып кеткені жайлы жазған едік.