Жаңалықтар 10.10.2018 сағат 11:14  687

Астанада қар жауады

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Астанада қар жауады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Синоптиктердің мәлімдеуінше, 11 қазан күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Астанада 11 қазанда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Дауыл соғу қаупі - 95-100%. 12-13 қазан күндері Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болады, жаңбыр жауып, артынша қарға ұласады.

Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 3-10 градус нөлден жоғары болады.

Астана қаласында 12 қазан күні күндіз және 13 қазан күні жаңбыр жауып, артынша қарға ұласуы мүмкін. 12 қазанда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін. Дауыл соғу қаупі - 85-90%.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар