11.10.2018, 04:17

Өскеменде пештен шыққан газдан бойжеткен уланып қалды

Өскеменде 9 қазанда пештегі газдан уланып қалған қыз ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

1995 жылғы бойжеткен «Восточник-5» бау-бақша қоғамында өз үйінде пештен шыққан газдан уланып қалған. Ол өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

Мамандар пешке от жағарда мұқият болуды ескертті.

Дереккөз: Newtimes.kz

Тегтер: Өскемен газ пеш