11.10.2018, 08:40

Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртенді

Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 12:56-те өрт туралы хабарлама келіп түскен. Кезекші пультіне Әуезов ауданы Науаи көшесі, 68 мекенжайындағы 14 қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар барғанда вентиляциялық кателдердің жылыту материалдары отқа орана бастаған.

Өрт күндізгі 13:11-де ауыздықталды. Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртенген үйден 73 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.