$ 494.87  520.65  4.91

Африканың жас миллиардерін ұрлап кетті

Африканың ең жас миллиардері  Мохаммед Девджиді Танзанияның ірі қаласы Дар-эс-Саламда ұрлап кетті деп жазады bbc.com.

Полицияның деректеріне қарағанда, 43 жастағы бизнесменді бетперде жамылған  адамдар таңертеңгілік қонақ үйдің  жаттығу залы маңында ұрлап кеткен.

Осы оқиғаға байланысты үш адам ұсталған. Бірақ олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы беймәлім. Алдын ала деректерге қарағанда,  адам ұрлағандардың екеуі -шетелдік.

Еске сала етсек, «Форбс» журналы Девджидің байлығын 1,5 млрд долларға бағалаған. Оны Танзанияның жалғыз миллиардері деп есептейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары