Жаңалықтар 12.10.2018 сағат 04:37  542

Маңғыстауда жанармай бекетінде кезекте тұрған жүргізушілер төбелесіп қалды

Төбелескен жүргізушілердің бірі жанармай бекетіндегі кезегін екіншісіне бергісі келмеген. Жанжал содан шығыпты. Енді Жаңаөзен қалалық соты оған қоғамдық жұмыс түрiндегi жазаны бекітті деп жазады inaktau.kz.

Маңғыстауда жанармай бекетінде кезекте тұрған жүргізушілер төбелесіп қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл оқиға облыстағы жанармай бекеттерінің бірінде болған. Кезекке таласқан екі автожүргізуші бір-бірімен ерегісіп, артынша төбелесіпті. Олардың бірі көлігінен домкрат алып шығып, темір бұйыммен екіншісін ұрып жаралаған.

«Сот-медициналық тексеру кезінде жәбірленушінің басы және денесінен жарақат алғаны белгілі болды», – деп мәлімдеді Жаңаөзен қалалық соты.

Жанармай бекетінде төбелес шығарған көлік жүргізушісі бұзақылығы үшін 300 сағат бойы қоғамдық жұмыстарға тартылады.

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар