$ 489.06  536.21  5.05

Жол апатынан қаза болған Олжас Сүлейменовтің немересіне қатысты сот процесі басталды

Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменовтың жол апатынан көз жұму жағдайы бойынша сот процесі басталды деп жазады ҚазАқпарат.

Сот отырысына жәбірленуші тарап пен айыпталушы, айыптаушы прокурор мен БАҚ өкілдері қатысуда. Судья процесс барысында айыпталушы Мұхитоваға құқығымен таныстырды. Сотқа жауап беру барысында айыпталушының «Самұрық-Қазына» АҚ-да еңбек ететіні белгілі болды.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Астанадағы жан түршігерлік жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болған еді. Марқұмның туыстары апат 22 маусым күні Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған.

Мотоцикл тізгіндеген Ескендірді белгісіз көлік қаққан және жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Арада көп өтпей Астана қалалық ішкі істер департаменті апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ Астана қаласының Ішкі істер департаменті Олжас Сүлейменовтің немересі – Ескендір Сүлейменовті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің бастығының қызы екенін растаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары