$ 498.34  519.72  4.85

Демалыс күндері күн суытып, жаңбыр жауады

22-24 тамыз аралығында Қазақстанның оңтүстік аумағындағы созылмалы аптап ыстық аяқталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бұл аптаптың жоғарғы деңгейін кеше алматылықтар сезінді, ол жерде максималды ауа температурасы +39,2ºС - жетті, бұл алдыңғы максимумнан 3º төмен.

Алдағы демалыс күндері Орал және Батыс Сібірдің солтүстігінен шыққан ылғалды салқын ауа республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарына жетеді. Бұл жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, шаңды боран мен температураның төмендеуі күтіледі.

Тау және таулы аймақтарда қатты нөсер болуы ықтимал. Алдағы үш күнде атмосферадағы солтүстік ағымдар сақталады. Сондықтан республиканың көп бөлігінде жаңбыр және температураның көпжылдық салыстырмалы мөлшерінен 3-6º төмен болуы күтіледі.  

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары