Үндістанның Карнатака штатыда ер адамның көзінен 15 сантиметрлік құрт шықты деп жазады Lenta.ru.
Жергілікті тұрғын көзінде құрт барын айтып, ауруханаға барған. Дәрігерлер адамның соқыр боп қалуы мүмкін екенін айтып, арнайы таяқшамен құртты дереу сыртқа шығарады.
Бұндай құрт Баркрофт жіпшесі деп аталатын паразитті жұқтырғанда пайда болады екен. Бұл дертпен ауырғандардың аяқтары мен жыныс мүшелері өседі. Паразит адамға маса шаққанда жұғады.