«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi болып Берік Уәли тағайындалды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Берiк Уәли партияның ақпараттық-идеологиялық бағыты мен ұлттық-патриоттық мәселелеріне жауапты.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Әр жылдары журналистика саласында, «Таң», «НТК», «31 арна», «Хабар» телеарналарында жұмыс жасады. 2009-2012 жылдары партиялық медиа ресурс – «Нұр Медиа» ЖШС жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі болды.
Тағайындалуға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.