$ 487.37  532.94  5.09

Қатерлі ісікті сумен анықтауға болады − ғалымдар

Ғалымдар онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңде су молекулаларының көмегімен емдеп-жазудың амалын тапты деп жазады Eurekalert басылымы.

Басков университетінің мамандары қатерлік ісікпен бірге 90% жағдайда пайда болатын, зақымдалған бөліктерді анықтауда белсенді биомаркерлер болып табылатын Tn антигендерінің екі түрін анықтады.

Tn антигендерінің екі түрі сумен араласқанда өзгеріске ұшыраған. Бірінші түрі треонинмен байланыста болғандықтан, ерітіндіде қатты күйге өзгереді. Ал екіншісі серинмен байланысты болғандықтан, керісінше жұмсара түседі.

Ғалымдардың айтуынша, Tn молекулаларының эволюциясы онкологиялық аурудың қаншалықты қатерлі екенін оңай анықтауға көмектеседі. Бұдан өзге зерттеушілер Tn антигенінің синтетикалық аналогын жасап шығару арқылы қатерлі ісікке қарсы терапия ойластырмақ.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары