Жаңалықтар 13.10.2018 сағат 06:24  528

5 адам зардап шекті: Алматыда жол апаты болды

Алматының А.Байтұрсынов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған жол апатынан 5 адам зардап шекті деп жазады ҚазАқпарат.

5 адам зардап шекті: Алматыда жол апаты болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша BMW көлігі Төле би көшесінің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Бұл көшемен Nexia көлігі шығысқа жол тартқан. Дәл осы уақытта тыйым салынған бағдаршамның қызыл шамына қарамастан А.Байтұрсынов көшесін Hyundai көлігі кесіп өтеді. Осы тұста 3 көлік соқтығысып, араларындағы BMW жолдың жиегіне ұшып кетеді.

Жол апаты салдарынан 5 адам жапа шекті. Оның ішінде Huyndai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары бар. Жарақат алғандар Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар