Жаңалықтар 13.10.2018 сағат 10:37  667

Чехияда босқын мәртебесін алған қазақ Германияда қамауда отыр

Чехияда діни себеппен босқын мәртебесін алған қазақ Мурат Бакраев Германияның тергеу изоляторларының бірінде қамауда отыр деп хабарлайды Бамберг қаласы прокуратурасы.

Чехияда босқын мәртебесін алған қазақ Германияда қамауда отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бамберг прокуратурасының хабарламасында «Бакраев Қазақстан тарапының сұрауы бойынша ұсталғанын, Бакраев ісі алдағы уақытта Бамберг сотында қаралатынын» жазған.

Мурат Бакраевтың жақындары оны 15 қыркүйекте Чехиядан Германияға бара жатқан жолда ұстағанын айтты. Әйелі кейін Германия полициясынан хат алған. Хатта «Бакраевтың шетелде террорлық ұйым құруға қатысты тергеуге байланысты» ұсталғанын, қазір Хоф қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырғаны жазылған.

37 жастағы Бакраевтың ұсталуына қатысты Азаттық Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми хат жолдаған. ҰҚК Азаттық сауалына: «Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуге тиіс. Ақпарат тергеп-тексеру мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рүқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сол көлемде жария етілуі мүмкін. Осыған байланысты, сұрау салынған мәселе бойынша мәлімет беру мүмкін болмай отыр» деп жауап берді.

Әйелінің айтуынша, олар Чехияға 2005 жылы келген. Ал Бакраев 2006 жылы Чехияда діни себеп бойынша босқын мәртебесін алған. Әйелі қазір үш баласымен Чехия азаматты екенін айтады. Әйелінің сөзінше, Бакраев тоғыз жылдай Чехиядағы машина зауыттарының бірінде жұмыс істеген. Ал ұсталғанға дейін автосервистердің бірінде қызмет етіп жүрген.

Жақындарының айтуынша, Бакраевтың Қазақстан паспортының уақыты біткен. Олар Бакраевты Қазақстан азаматтықтан шығарды ма, әлде шығармады ма білмейтіндерін айтады. Қазір Бакраевтың қолында Чехия берген босқын екенін дәлелдейтін құжаты бар.

Дереккөз: Азаттық

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар