Жаңалықтар 13.10.2018 сағат 11:47  388

Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын құс етіне қойған шектеуін алып тастады

Қырғызстан мемлекеті Қазақстанға құс еті мен құс өнімдеріне салған шектеуін алды деп жазады Tengrinews.kz.

Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын құс етіне қойған шектеуін алып тастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тыйым салуды алып тастау туралы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметі өкілдері агенттіктегілерге хабарлады. Ведомстводағылардың айтуынша, аталған аймақтардағы эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру туралы растау алған.

Еске сала кетейік, 8 қазанда Қырғыстан Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыртқа және құс етін әкелуге уақытша шектеу қойған еді. Себебін құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына күдік бар екенімен түсіндірді.

Артынша, Қазақстан 12 қазанда Қырғызстанның бес кәсіпорынының құс еті өнімдерінің импортына уақытша тыйым салды. Көрші мемлекетте жануарлардың қауіпті ауруларымен күресіп жатқанын айтқан еді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар