Алматыға биыл қыс жылдағыдан ертерек келді. Кеше түннен бастап жауған қар таңға дейін жалғасып, қаладағы қозғалысты қиындатып тастады.
Жергілікті тұрғындар табиғаттың осынау құбылысын видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісуде. Бұған дейін синоптиктер жексенбі күні "оңтүстік астанада" күннің суытып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін екенін болжаған еді.
Сондай-ақ, 13 қазан күні Қазақстанның орталығы мен солтүстігінде де алғашқы қар жауған болатын. Аұ ұлпа кеше астаналықтарды қуантты.