Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды, деп жазады Қазақпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с; Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.
Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі.
Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда епкіні 25 м/с жетеді. Ақмола, Шығыс Қазакстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.