$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда балық аулауға кеткен ер адам жоғалып кетті

Ақмола облысында осыдан үш күн бұрын балық аулауға кеткен ер адам із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды Хабар-24.

38 жастағы көкшетаулық Александр Петрухин 10 қазан күні күндізгі сағат екі шамасында Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Кіші Шабақты көліне балық аулауға кеткен. Мұнан кейін оны көрген ешкім жоқ.

Іздеу шарасы барысында еріктілер мен полицейлер көл жағасынан А.Петрухиннің автокөлігін, қайығы мен құтқару жилетін тауып алған. Оны іздеу жұмыстары үш тәуліктен бері жүргізіліп жатыр. Облыстық Ішкі істер департаменті жоғалға ер азаматты іздеу үшін арнайы үш топтың құрылғанын, оның құрамында полицейлер мен құтқарушылар және сүңгуірлер бар екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары