$ 439.43  473.31  4.82

Аймақтарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сауатты жүзеге асыру үйретіледі

Семинар-тренингтер сериясы Қазақстанның барлық өңірінде жүргізіледі.

Орталық коммуникациялар қызметі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды дайындау мақсатында мемлекеттік мекемелер, баспасөз қызметтері мамандары мен басшыларына, сонымен қатар журналистерге арналған семинар-тренингтер өткізуге бастама көтерді.

15 және 31 қазан аралығында Қазақстан бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сыңайлы сектор өкілдері, сондай-ақ бағдарламаның жобалық кеңселері, соның ішінде баспасөз хатшылары, ІТ менеджерлер үшін семинар-тренингтер сериясы өткізілмек.

«Семинар-тренингтер «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын кадрлардың шешуші құзыретті өкілдіктерін дайындау және дамыту үшін ұйымдастырылмақ. Қатысушылар білімдерін кеңейтіп, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс үшін қажет машықтарға дағдыланады, жаңа технологияларды қолдануды үйренеді»-дейді ОКҚ өкілдері.

Оқыту бағдарламасы стратегиялық жоспарлауға, қайшылықтарды басқаруға, ішкі және сыртқы коммуникацияны құрудың тиімді тетіктеріне, әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге, бағдарлама мәнін халыққа қолжетімді етіп түсіндіру үшін спикерлерді дайындауға, БАҚ-та жобалық институттардың қызметін жариялауға, яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасын алға жылжытудағы қажет машықтарға бағытталған.

Оқу қорытындысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, басқару құзыреті машықтарын жетілдіріп, digital-коммуникация, цифрландыру әдістерін үйренеді.

Семинар-тренингтер Қазақстанның барлық өңірін қамти отырып Павлодар, Алматы, Ақтау, Өскемен және Астана қалаларында өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары