15.10.2018, 06:23

Қар жауып, көктайғақ болады – синоптиктер

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды деп жазады Sputniknews.kz.

«Алдағы үш тəулікте ауа райында өзгеріс болмайды. Бұрынғыдай Орал аймағынан бірінен кейін бірі ығысатын суық атмосфералық фронттардың ықпалында болады», – деп хабарлайды синоптиктер. 

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар түседі, оңтүстік жəне оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшті жауын-шашын, көктайғақ жəне тұман болады. 

Түнгі ауа температурасы 0, —8°С, күндізгі 0,…+8, оңтүстік облыстарда +2…+13, бұл климаттық нормадан 3…6°С төмен.