14 қазан күні таңертең Өскеменде жүргізуші 61 жастағы ер адамды қағып, өзі қашып кетті деп жазады yk-news.kz.
Оқиға таңғы сағат 6:45-те Сәтбаев даңғылында болған.
«Жүргізуші 61 жастағы ер адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Жедел істестіру шарасы барысында 57 жастағы тұрғын ұсалды. Ол Volkswagen автокөлігін тізгіндеген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.