15.10.2018, 10:17

Сауд Арабиясында салафит ағымындағы қазақстандық азамат ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны Сауд Арабиясында ұсталды деп жазады Stan.kz.

«Салафит ағымын ұстанып, заңсыз миссионерлік бағытта жұмыс істеп жүрген Сарыағаш қаласыны тұрғыны Ділмұрат Махаматов ұсталды. Күдіктіні Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары қамауға алды. Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген», – делінген ішкі саясат ауданық бөлімінің хабарламасында.

Ділмұрат Махаматовтың желі қолданушылары арасында «Дильмурат Абу Мухаммад» атымен таныс. Ол дінаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталуда.