Британдық 20 жастағы бойжеткен аз ақшаға шетеледе жамбасын үлкейтемін деп көз жұмды деп жазады Life.ru.
Жамбасқа операция жасау медицинада бірнеше жылдан бері дамып келеді. Қауіпті процедуралар қатарына кіретін бұл опеарциядан бірі сәтті өтсе, енді бірі жарық дүниемен қош айтысып жатады. Небәрі 20 жастағы британдық бойжеткен де осы операцияның құрбаны болды.
Латын Америкасында бұндай опеарция 6,5-10 мың фунт аралығындағы сомаға жасалады. Ал Түркияда бұл баға бірнеше есе арзан.
Еске сала кетейік, өткен айда Түркиядағы Elite Aftercare емханасында Лия Кембридж есімді 29 жастағы әйел қайтыс болған еді.