$ 447.4  477.55  4.76

SCAT билеттерінің бағаларын қымбаттатады

Қазақстан теңгенің еркін айналымына өтуіне байланысты SCAT әуекомпаниясы халықаралық рейс билеттерінің бағаларын қымбаттатады.

Билет құны ертеңнен, яғни 25 тамыздан бастап өседі деп жоспарланып отыр.

«Компанияның бұндай шешім қабылдауына рейстерді қамтамасыз ету шығындары, әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсетуі, қызметкерлерді үйрету және тағы басқа шығындар АҚШ долларымен есептелуі себеп. Тарифтердің өсуі компания шығындарының аздаған үлесін ғана жабады. Бұл шара тек халыраралық рейстерге ғана қолданылады», – дейді SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Ал, 27 тамыздан бастап алғаш жұмысын бастағалы отырған Qazaq air әуетасымалдаушысы доллар курсының өсуіне байланысты тарифтерді қайта қарастырмайды.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары