$ 494.87  520.65  4.91

Қаскелеңде жанжалдың арты атысқа ұласып, 1 адам хал үстінде ауруханаға түсті

Алматы облысы Қарасай ауданында жанжалдың арты атысқа ұласып, 1 адам хал үстінде ауруханаға түсті. 30 жастағы азаматтың дәл тамағына тапанша оғы тиген. Оған бірнеше рет ота жасалыпты. Бірақ науқастың туыстары аурухананы жағалап мардымды ақпарат ала алмай жүр. Тіпті, қылмыстық іс қозғалды деген полицияның жұмысына күдікпен қарайды. Ал полиция күдікті ұсталды деп отыр.

Қылмыстық оқиға 3 күн бұрын болған. Содан бері ұлының жағдайын біле алмаған Күләш Нұрымова аурухана ауласын айналшықтап жүр. Ауыр халдегі науқас туралы соңғы мәліметтерді дәрігерлер емес, күдіктінің туыстары хабарлап отыр дейді.

«Көз қырыммен сырттай болса да бір көруді өтініп сұрадым. Рұқсат етпеді. Мүмкін ұлымды соңғы рет көретін шығармын. Кіргізбей қойды. Ал бүгін баламды палатаға ауыстырады деп күдіктінің туыстары хабарласты. Кеше ғана ес-түссіз жатқан», - дейді науқастың анасы КҮЛӘШ НҰРЫМОВА.

Ал оқ тиіп өлім аузынан қалған Садулла Нұрымов қарапайым құрылысшы екен. Сол күні болашақ қалыңдығымен қыдырып жүріпті. Жанжалдың қалай болғанын бауыры куәгерлерден білген.

«Біреу барып өзінің қатынын ұрады. Қатыны ма, басқа біреу ма білмеймін. Сол кезде бұл болысады оған, тимесеңші деп. Екеуі төбелесіп кетеді. Содан кейін менің бауырым басына шиша жарады. Анау машинасына барып пистолет алып келіп атады», - дейді науқастың туысы ӘЛІШЕР БАЛТАБАЕВ.

«Нұрымов Садулланың тамағынан тапаншамен атқан қылмыстық оқиға дәл осы шағын қонақ үйде болған. Жанжалдан кейінгі атыстан кейін Садулла ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның қалай болғаны қонақ үй ішіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған», - дейді тілші ЖАРАС НИЯЗБЕК.

Дәрігерлер науқастың беті бері қарағанын растады. Облыс орталығынан келген білікті мамандар ота жасапты. Ал анасын ұлына кіргізбеу ішкі тәртіп деді.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары