16.10.2018, 03:20

Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 16 қазанда 8 сағат 10 минутта жер сілкінісін тіркеді деп жазады «ҚазАқпарат».

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.9. MPV тербелісі - 5.6. Эпицентр координаты  44.40° с.ш. 82.27° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым.

Алматы облысының Шалкаде, Кетмен, Нарынқолда елді мекендерінде 2 балдық жер дүмпулері сезілді.