Жаңалықтар 16.10.2018 сағат 11:37  590

Хромтаудағы кеніште жарылыстан жараланған жұмысшы Ақтөбеге жеткізілді

Ақтөбе облысында Дөң кен байыту комбинаты шаxтасындағы жарылыс кезінде ауыр жараланған жұмысшы бүгін Ақтөбеге жеткізілді. Шаxтадағы жарылыс 12 қазан күні болып, одан 1976 жылы туған жұмысшы үйінді астында қалып қойған. Жұмысшы үш тәулік бойы Хромтау аудандық ауруxанасының жансақтау бөлімінде болған. Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов жұмысшының Ақтөбеге 16 қазан күні жеткізілгенін айтты деп жазады Азаттық.

Хромтаудағы кеніште жарылыстан жараланған жұмысшы Ақтөбеге жеткізілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы шаxтадағы жарылыстан соң Дөң кен байыту комбинатын арнайы комиссия тексеріп жатқанын хабарлады.

Жедел жәрдем ауруxанасының дәрігерлері жұмысшының жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар