25.08.2015, 06:19

Еліміздің бірқатар өңірлерінде үсік жүреді

news.ivest.kz

Еліміздің бірқатар өңірлерінде күн суытып, үсік жүреді, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

 

«25-27 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында, 26-27 тамызда түнде Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарында және 27 тамызда түнде Қарағанды облысында, ал 27-28 тамызда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3°C үсік күтіледі».