Алматы орталығында атыс болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек хабарлады деп жазадв Қазақстан жаңалықтары.
«Оқиға Гоголь мен Абылай хан көшелерінің қиылысында 24 тамызда болды. "Екі таныс жігіт дауласып, қалып, орталарында қақтығыс туған. Олардың бірі травмат қаруын қолданғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ», — деді аенттікпен әңгімелесуші.
Оның айтуынша, қарудан атқан адамның аты-жөні анықталды, іздестіру жүргізіліп жатыр.
Бұл оқиға Алмалы аудандық ішкі істер департаментінде тіркелді, тексеріс жүріп жатыр.