«Қазығұрт» бақылау-өткізу бекетінде ірі контрабанданың ізі кесілді. Сарыағаш шекара жасағы сарбаздарының тексеруі барысында көліктің жүксалғышынан есірткі және қомақты сомада ақша табылған деп жазады yujanka.kz.
Lexus-570 автокөлігін тінту барысында қызметтік ит жүксалғышта күдікті заттың бар екенін анықтаған. Кинология қызметінің аға инспекторы Б.Сейітқұлов ит көрсеткен жерді тексеріп, көліктің салонындағы жәшіктен 400 мың долларға жуық қаржы тапты.
Ал, Мадрид деген лақап аты бар екінші ит есірткі иісін сезіп қойған. Қатардағы жауынгер М.Сағат және аға инструктор С.Мұсабеков көліктегі Өзбекстан тумасын ұстады. Олар күдіктінің жеке басын тексеру барысында әйелден 6 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Экспертиза нәтижесінде пакетте оралған заттың 139,220 гр құрғақ марихуана екені анықталған.