Жаңалықтар 17.10.2018 сағат 11:53  7362

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынас туралы сауалдар кез-келген жүкті келіншекті мазалуы мүмкін. «Болмайды» деп бас тарту дұрыс емес. Оның да өзіндік себептері бар деп жазады anabol.kz.

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жүктіліктің алғашқы үш айлығында токсикоз бен сүт безінің ісінуі кезіндегі біраз қиындықтардың әсерінен әйелдер жыныстық қатынасқа белсенді болмайды. Мұндай жағдайда ері түсіністік танытуы керек.

Екінші үш айлықта көптеген қиындықтар артта қалады. Төсек қатынасына деген құлшыныс артып, әйелдің бойында өзгеше сезімдер мен құмарлық пайда болуы мүмкін.

Жүктіліктің дұрыс өтіп жатқанына сенімді болса, бұл жағдайда еш қауіп жоқ. Оған мамандар да қарсылық білдірмейді. Тіпті олар бұл үш айлықты «екінші бал айы» деп атайды екен.

Соңғы үш айлықта әйелдердің іші өсіп қалғандықтан, біраз қолайсыздықтар туындайды. Жыныстық қатынас кезінде күйеуі жарына ыңғайлы қалыпты (поза) таңдауы керек. Сондай-ақ, үшінші үш айлықта көп мүмкіндік те бола бермейді. Себебі, босанатын уақытын күн санап күтіп жүрген әйелдің көңіл-күйі де аяқ асты өзгеріп отырады.

Жүкті әйелдің қынабы өте сезімтал. Ол тезірек және естен кетпестей тояттауға себеп болады. Жүктілік кезіндегі тояттау аяғы ауыр әйел үшін, ең алғашқы керемет сезім болып та көрінуі мүмкін. Жүкті әйелдің оргазмға жетуі бала үшін де пайдалы.

Олай дейтініміз, жыныстық қатынастан өзіне қажетті ләззатты алған әйелдің ағзасы жақсы жұмыс жасап, қан айналымы жақсарады. Ал бұл жатырда жатқан сәбиге жағатын табиғи процесс.

Егер жүктілік қалыпты болмай, жыныстық қатынастан соң өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге барған жөн. Мұндай жағдайда жатырдың бұлшықеттері жиырылып, іштегі балаға зиян келуі мүмкін.

Жүктілік кезінде төсек қатынасына келесі жағдайларда тыйым салынады:

1. Көп ұрықты жүктілік кезінде (егіз балалар туылатын болса);

2. Әйел мен жатырдағы сәбидің денсаулығына қауіп төнгенде;

3. Қынаптан қан немесе соған ұқсас сұйықтықтар ағатын болса;

4. Жатырдан сұйықтық бөлінгенде;

5. Жыныс жолы арқылы жұғатын індет табылса;

6. Сәби дүниеге келеді деп күтілген мерзімнен 2-3 апта бұрын;

7. Түсік тастаған жағдайда.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар